RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Ақмола облысында су құбыры нысанынан 7 млн теңгелік генератор ұрланды

11.08.2026, 17:48 42

Ақмола облысында полиция қызметкерлері су құбыры инфрақұрылымы нысанынан дизель-генератор қондырғысы мен оның жиынтықтауыштарын ұрлаған күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құны шамамен 7 млн теңге болатын дизель генераторы 2025 жылы Алтынды ауылдық округіндегі елді мекендердің бірінің шетіне орнатылған. Жабдық су құбыры желілері мен тұрғындарға ауыз су жеткізетін ұңғымалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен.

Тергеу барысында полиция генератордың орналасқан жері мен нысанды күзету ерекшеліктері туралы су құбыры желілерінде жұмыс істеген екі адамның хабардар болғанын анықтаған.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2026 жылғы сәуірде алдын ала сөз байласып, нысан аумағына заңсыз кірген. Олар генераторды бөлшектеп, көлік, жүкшығыр және басқа да құралдардың көмегімен алып кеткен.

Ұрлық салдарынан елді мекеннің су құбыры инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтың қызметі бұзылған.

Мамыр айында күдіктілердің бірі сыбайласына сол кәсіпорынның аумағынан тағы да ұрлық жасауды ұсынған. 6 мамырда олар дизель қондырғысына тиесілі құны 400 мың теңгеден асатын қосалқы бөлшектерді ұрлаған.

Күдіктілер ұрланған мүлікті өз қалауы бойынша пайдаланған.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полиция күдіктілерді анықтап, ұрланған жабдықтарды тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын, келтірілген залал көлемін және әрбір күдіктінің әрекеттегі рөлін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz