Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысы көзге түсті, деп хабарлайды 24KZ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Сирек кездесетін жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ерекше сәтті видеоға түсіру мүмкін болған.
Қар барысы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауындағы сирек жануар. Жыртқыштың табиғи мекен ету ортасында кездесуі таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды белгі.
Тегтер #Қар барысы #Қызыл кітап #24жаңалықтар #туристер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz