Батыс Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы алаяқтық жасаған үш адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24KZ.
БҚО прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде үш адам WhatsApp қолданушыларының ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген.
Алаяқтар қазақстандықтармен хат алмасып, өздерін олардың туыстары ретінде таныстырған. Түрлі сылтаулармен ақша аударуды сұраған.
Алаяқтық схемаға дроппер белсенді қатысты, оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты шығарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың интернет-алаяқтықтың 15 эпизодына қатыстылығы анықталды, делінген прокуратура хабарламасында.
Жәбірленушілер қатарында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының, Жетісу облысының және Алматы қаласының тұрғындары бар.
Сот үш айыпталушыны да алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Биыл маусым айында олардың екеуі 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал үшінші адамға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тегтер #WhatsApp #алаяқтар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz