RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қажылыққа барамыз деп алданған 37 адам 60 млн теңгесінен айырылды

13.08.2026, 11:21 66

Сауд Арабиясына жалған қажылық сапарын ұйымдастырып, 37 азаматтан 60 миллион теңгеге жуық ақша алған елорданың екі тұрғыны сотталды, деп хабарлайды 24KZ Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, қаланың екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы хабарландыру жариялаған.

Алаяқтардың уәдесіне сенген 37 азамат оларға жалпы сомасы 60 миллион теңгеге жуық ақша берген.

Алайда сотталғандар өз міндеттемелерін орындамаған. Олар азаматтардан алған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсап жіберген.

Сот үкімімен олардың әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz