RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

«Емтиханды шешіп беремін» деген алаяқ студенттерден 1 млн теңгеге дейін ақша алған

13.08.2026, 17:54 35

Ақтауда студенттердің үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесемін деп ақша алған ер адам 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Сот анықтағандай, сотталған азамат қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінің сеніміне кіріп, ақшаға оқуына қатысты мәселелерді шешіп беруді ұсынған.

Өзінің қызметі үшін ер адам студенттерден 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәде еткен көмегін көрсетпей, алған қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 24 маусымдағы үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз жолмен көмектесуге уәде беретін адамдарға сенбеуге шақырды. Оның ішінде жоғары баға қоюға, емтиханды сәтті тапсыруға немесе оқу барысындағы басқа да мәселелерді шешуге уәде ететіндерден сақ болу қажеттігін ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz