Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері TikTok желісіне мониторинг жасау барысында жұрттың наразылығын тудырған бейнероликті анықтады, деп хабарлайды «24KZ». Желіде тараған кадрларда бойжеткен үстіне тәртіп сақшыларының киімін киіп алып, әдепсіз би билеген.
Тәртіп сақшылары бейнеролик авторының жеке басын жедел түрде анықтады. Ол Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева болып шықты.
Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Өз кезегінде полицейлер, полиция киімі әлеуметтік желілер үшін реквизит немесе ойыншық емес екенін еске салды. Ондай әрекеттер үшін заң аясында тиісті жаза қарастырылған.
Тегтер #Түркістан облысы #TikTok #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz