Алматы метрополитені электр қуатының ажырауына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «24KZ». Қоғамдық көліктің жұмысы сағат 15:11-де тоқтатылған.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, электрмен жабдықтау толық қалпына келтіріліп, контактілі рельске кернеу берілгенге дейін станциялар кіру және шығу үшін уақытша жабық.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Метрополитеннің қайта жұмыс істей бастауы туралы қосымша хабарланатын болады.
Тегтер #Алматы #метро #электр жарығы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz