RU
Толық нұсқаға өту
Фото: sports.kz

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Италияда жол апатына түсті

18.08.2026, 16:28 41

Қазақстандық спортшы, биатлон мен шаңғы жарысынан қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Италияның Ливиньо қаласында жол апатына түсті, деп хабарлайды 24KZ.

Спортшы жаңа маусымға дайындық аясында Ливиньода оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан. Дәл осы жерде Ербол Хамитов үшін жеңісті болған 2026 жылғы Паралимпиада ойындары өткен еді.

Оқиға туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Жаттығудан кейін қонақүйге велосипедпен қайтып келе жатқан Ербол Хамитов жол айрығының бірінде жол-көлік оқиғасына тап болған.

Оның айтуынша, жол жиегінде тұрған Mercedes шағын автобусы кенеттен қозғалып, велосипедшінің алдынан шыққан. Көлік жүргізушісі велосипедшіге қарамастан қозғалысын жалғастырып, оқиға орнынан тоқтамастан кетіп қалған.

Ербол Хамитовтың өзі зардап шеккен жоқ. Алайда жалға алған велосипедінің дөңгелегі майысқан. Спортшы оқиға түсірілген видеоны велосипедті жалға берген адамға көрсеткен.

Ол полиция шақыруды ұсынған. Алайда Хамитов одан бас тартып, ең бастысы, ешкім зардап шекпегенін айтқан.

Соған қарамастан, Хамитов майысқан велосипед дөңгелегінің шығынын өтеуге мәжбүр болды.

Спортшы жүргізушілерді осындай жағдайларда оқиға орнынан кетпей, міндетті түрде тоқтауға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz