RU
Толық нұсқаға өту
фото: kazinform

Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартты: сот өтінішін қанағаттандырмады

18.08.2026, 18:03 32

Сот қаза болған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнелдің қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды 24KZ.

Сот отырысы барысында Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтініші қаралды. Ол өзінің орнына қаза болған фельдшердің анасы Салима Ешенқұлованы жәбірленуші ретінде тануды сұраған.

Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, қазіргі кезеңде өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге судья Әділет Зейнелге негізгі сот талқылауы кезінде жауап алынғаннан кейін осыған ұқсас өтінішпен қайта жүгінуге болатынын түсіндірді.

Бұған дейін Зейнелдің адвокаты оның қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтатып, Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Ешенқұлованы жәбірленуші ретінде тануды сұраған болатын.

Сондай-ақ сот қорғау тарапының қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қосымша уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz