Қарағанды облысының Шет ауданында Үңірек ауылының маңында шамамен 650 гектар аумақты шарпыған табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды 24KZ.
Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы аумағында 613,6 гектар құрғақ шөп пен орманмен көмкерілген аумақтың жануы орын алды. Өрттің орман алқаптарына одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
Өртті сөндіруге қатты жел, таулы-белесті жер бедері және жетуі қиын учаскелер кедергі келтірген. Оқиға орнында шамамен 310 адам мен 44 техника жұмылдырылды. Жекелеген өрт ошақтарын сөндіруге авиация тартылды.
«Қазавиақұтқару» компаниясының екі тікұшағы 26 рет су төгіп, жалпы 789 тонна су пайдаланған.
Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою және аумақты суару жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Тегтер #ТЖМ #Қарағанды облысы #өрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz