Алматы облысының Талғар аумағындағы Северцев мұздығынан табылған адам сүйегіне қатысты жаңа деректер шықты. Беларусь туристері тапқан мәйіт 19 жыл бұрын хабар-ошарсыз кеткен альпиниске тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Марқұмның туыстары құқық қорғау органдарымен байланысқа шықан. Туыстарының айтуынша, қаза тапқан адамды әлеуметтік желідегі жарияланымдар арқылы кездейсоқ танып қойған:
Жоғалған азаматтың қызына құрбысы құтқарушылардың суреттерін жіберген. Ол сол кадрлардан әкесінің көне кеңестік станковый рюкзагын бірден таныған. Отбасы тергеушімен хабарласып, архивтік суреттер мен құжаттарды табыстаған. Полиция рюкзәктің ішін көру барысында шынымен де жоғалған ер адамның атындағы жеке куәлігін тапты.

Марқұмның қызы тау басында бейжай қалмай, дереу хабарласқан Беларусь туристеріне үлкен алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, Алматы облысының таулы аймағындағы Северцев мұздығынан табылған адам сүйегі тікұшақпен қауіпсіз жерге шығарылып, төтенше жағдайлар министрлігі бұл эвакуацияның видеосын жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz