Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасының екі азаматы көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «24KZ».
Апат Шет ауданында орын алған. Зардап шеккен 1966 жылы туған қырғызстандық азамат аудандық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта тиісті ем қабылдап жатыр. Ал 1963 жылы туған және 1974 жылы туған азаматтар оқиға орнында қаза тапты.
Марқұмдардың туыстары қаза тапқандардың денесін елге жеткізу үшін алып кетті.
Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап зардап шеккен азаматтың туыстарымен, медициналық мекемемен және Қазақстанның құзыретті органдарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консульдық-құқықтық көмек көрсетуде.
Тегтер #Қырғызстан #жол апаты #Шет ауданы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz