RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

21.08.2026, 10:06 62

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Қырғызстанның Сеисмология институтының деректері бойынша, Астана уақытымен 20 тамызда сағат 22:09-да магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі орын алды.

 Жерасты дүмпулерінің ошағы шамамен 20 шақырым тереңдікте жатса, оның энергетикалық сыныбы 8-ді құрады. Ал эпицентрдегі жер сілкінісінің қарқындылығы шамамен 3 балға бағаланды.

Мамандардың хабарлауынша, дүмпулер Қырғызстан аумағында сезілген жоқ, өйткені эпицентр екі мемлекеттің шекаралас аумағында орналасқан болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz