RU
Толық нұсқаға өту
фото: видеодан скриншот

«Санкт-Петербург»: Шығыс Қазақстанда жартасты бояған шетелдік туристер айыппұл арқалады

24.08.2026, 10:46 60

Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлі маңындағы жартасқа «Санкт-Петербург» деген жазу қалдырған шетелдіктерге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік туристердің табиғи нысанды бүлдіргеніне алаңдаушылық білдірді.

Полиция құқық бұзушыларды анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жартасты бүлдіргендер – шетел азаматтары.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Құқық бұзушыларға 86 500 теңге көлемінде айыппұл көзделген.

Сонымен қатар полицейлер туристермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шетел азаматтарына жартастағы жазуды өшіру міндеттелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz