Алматы полициясы өрт кезінде қайтыс болған адамның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тағы үш адам ауруханада жатыр. Оқыс оқиға түнде болды. Әди Шәріпов көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша бір блоктың екі жерінде қызыл жалын тұтанған. Екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен жоғарғы қабаттарында кабельдер жанған. Сондай-ақ бірінші кіреберістің 7, 13-қабаттарындағы электр қалқандары отқа оранған. 148 адам баспалдақпен қауіпсіз жерге шығарылды. Хабардың кеш түскеніне қарамастан, тілсіз жау тез сөндірілді, дейді мамандар. Өкінішке орай, медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен ес-түссіз күйде табылған бір азаматты құтқара алмады. Марқұм мен аурухаға түскен адамдар түтіннен уланып қалған.
Айдар Ысқабаев, Алмалы ауданы ТЖ басқармасының басшысы:
- Бұған бұдан бұрын өрт техникалық тексеру нәтижелері бойыншы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым берілген. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарын, меншік иелерінің бірлестігі және пәтер иелерінің кооперативі төрағаларын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және анықталған бұзушылықты уақтылы жоюды сұраймыз.
Тегтер #Алматы әкімі #тұрғын үй кешені #өрт #24KZ арнасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz