RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады

24.08.2026, 15:30 54

Шығыс Қазақстан облысында 58 жастағы ер адамға аю шабуыл жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға Риддер қаласына жақын маңдағы омартада болған. Аю демалыс базасының жанында ер адамға тап берген. Жанында болған екі адам оған көмектесіп, жыртқышты қуып жіберген.

Зардап шеккен азаматтың басы, қолы мен аяғынан көптеген жарақат алғаны анықталды. Сондай-ақ оның бірнеше жерінде ашық сынық болған. Ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде ем қабылдап, кейін травматология бөліміне ауыстырылған.

19 тамызда науқас ауруханадан шығарылды. Қазір ол емін үй жағдайында жалғастырып жатыр.

Адамға шабуыл жасаған аюды инспекторлар атып өлтірді.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жабайы аңдар азық іздеп елді мекендерге жиі жақындай бастаған. Бұған ормандағы қуаңшылық пен үсіктің салдарынан жидек пен самырсын жаңғағының азаюы себеп болып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz