Түркістан облысының Ленгір қаласында түн ортасында бетперде киген белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның жеке үйіне заңсыз басып кіріп, таңға дейін азаптаған. Шабуыл салдарынан жәбірленуші ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен сағат түнгі екілер шамасында үйге басып кірген қылмыскерлер әйелді байлап, бірнеше сағат бойы соққыға жыққан. Олар таңертең таңсәріде оқиға орнынан бой тасалап, жәбірленушінің ұялы телефонын өзімен бірге алып кеткен. Желіде тараған кадрлардан зардап шеккен әйелдің бет-жүзі ісіп, соққыдан қатты жарақаттанғанын көруге болады.
Аталған дерек бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Тегтер #Ленгір #шабуыл #24жаңалықтар #24KZ #Түркістан облысыТүркістан облысының Ленгір қаласында орын алған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, түнгі уақытта белгісіз адамдар жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталуда, тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz