Астанада «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында интернет арқылы жасалған алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Полицияның мәліметінше, 28 жастағы ер адам әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзін сенімді делдал ретінде таныстырып, азаматтарға Түркия визасын рәсімдеуге көмектесетінін айтқан.
Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, құжаттарды дайындау және виза рәсімдеу шығындарына деп алдын ала төлем алған. Алайда уәдесін орындамаған. Ақшаны алғаннан кейін түрлі себеп айтып, істі созбалаңға салған. Кейін байланысқа шықпай қойған.
Осының салдарынан жәбірленушіге 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Астана #виза #алаяқтық #24жаңалықтар #24KZВиза рәсімдеу, жұмысқа орналастыру немесе басқа да ақылы қызметтер үшін алдын ала қаражат аудармас бұрын қызмет көрсетушінің заңдылығы мен сенімділігіне көз жеткізіңіз. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, тек ресми ұйымдар мен лицензияланған агенттіктердің қызметіне жүгінген жөн, – деп ескертті Астана қаласының полиция департаменті.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz