Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, үй маңында байлаулы тұрған аттың арқанына соғылған. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.
Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 23 тамызда болған. Онымен бірге 15 жастағы жолаушы болған. Ол да жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Риддер қаласының полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.
Тегтер #Риддер #ШҚО #арқанға соғылған #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz