Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) аумағында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мәліметінше, өрт сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) тұндырғышында болған. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген.
Зауыттың хабарлауынша, өрт тұндырғыштың ішінде болған. Ондағы мұнай шламы жанған.
Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп хабарлады «АМӨЗ» ЖШС.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабар «112» пультіне 25 тамызда сағат 12:55-те түскен. Нысанның ерекшелігі ескеріліп, ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жоғары шақыру дәрежесі бойынша дереу жіберілген.
Өртті сөндіруге ТЖМ-нің шамамен 65 қызметкері мен 19 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылы үйлестірілді.
Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, жалынның таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #АМӨЗ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz