RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 865 келі есірткі тәркіленіп, 17 зертхана жойылды

25.08.2026, 15:32 34

Елімізде  жыл басынан бері заңсыз есірткі өндіретін 17 жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 865 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биылғы алғашқы жеті айда елде 4,5 мың есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелген.

Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстар барысында 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Осы істер бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталды.

Жалпы, заңсыз айналымнан 865 келі есірткі заты тәркіленген. Бұл миллиондаған дозаның таралуына жол бермегенін білдіреді.

Есірткі бизнесінің қаржылық арналарына да тосқауыл қойылды. Есірткі бизнесінің қаржылық арналарына да тосқауыл қойылды. 258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды.

Сонымен қатар есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта мен шот бойынша транзакцияларға шектеу қойылды.

Интернеттегі есірткі саудасына қатысты да шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды.

Жасөспірімдерді есірткі ортасына тартуға да ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 55 кәмелетке толмаған ұсталған, олардың 32-сі есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.

Сонымен қатар есірткінің алдын алу бойынша 14 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 2 миллионнан астам жас пен жасөспірімді қамтыған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz