RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Атырауда ток соққан ер адам аяқ-қолынан айырылды: сот жұмыс берушіні кінәлі деп таныды

25.08.2026, 17:49 38

Атырау облысында өндірістік жазатайым оқиғадан қолы мен аяғынан айырылған электр монтердің ісі бойынша сот жұмыс берушіні 100% кінәлі деп таныды, деп хабарлайды 24KZ Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылғы 19 желтоқсанда болған. Бригада жұмыс істейтін желі алдын ала ажыратылған. Алайда диспетчер желіде жұмысшылар барын ұмытып, электр қуатын қайта қосқан. Сол сәтте тіректе жұмыс істеп тұрған электромонтерді ток соққан.

Арнайы комиссия бұған дейін жұмыс берушіні 80%, жұмысшыны 20% кінәлі деп таныған. Электромонтер бұл қорытындымен келіспей, сотқа жүгінді.

Сот жұмысшының қауіпсіздік талаптарын бұзғанын растайтын дәлелдер болмағанын анықтады. Ол жұмысты жауапты маманның басшылығымен, бригада құрамында орындаған.

Сот жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талаптары сақталмағанын анықтады. Атап айтқанда, желіде жұмысшылар болған кезде оған қайта кернеу берілмеуі қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде сот жұмысшының кінәсін 0%, ал жұмыс берушінің кінәсін 100% деп белгіледі.

Атырау облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz