RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Байқоңырда 6 адам 2,6 млн теңге әлеуметтік көмекті заңсыз алған

26.08.2026, 11:35 37

Байқоңырда табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған алты адам анықталды. Оларға бюджеттен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл деректі Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады. Ведомство Байқоңыр қаласында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына талдау жүргізген.
Прокуратура мәліметінше, азаматтар табыстары туралы толық ақпарат бермеген. Соның салдарынан оларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылды. Екі азаматтан бюджетке 553 мың 233 теңге өндірілді.
Қалған тұлғалардан артық төленген қаражатты қайтару мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.
Прокуратура мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының заңды әрі мақсатты жұмсалуын бақылау жалғасатынын атап өтті.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz