Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші Гүлнар Қалиева жауап берді, деп хабарлайды «24KZ».
Сотта келтірілген деректерге сәйкес, сол күні Гүлнар Қалиева сіңлісімен бірге үйдің қасбеті құлаған аймақта қалып қойған. Оларға көмек көрсетуге келген фельдшерлер жұмыс істеп жатқан сәтте фельдшер Улдана Мырзуан үйінді астында қалды.
Екінші фельдшер "Ұлдана, кондер!" деп айғайлады», – деп еске алды жәбірленуші. Өзінің айтуынша, ол құлау сәтін көрмеген, бірақ кейін құлаған зат кондиционер екенін білген.
Сондай-ақ жәбірленуші ПИК (ОСИ) төрағасының өз міндетіне салғырт қарағанын жеткізді.
Ол 5-6 айлық жұмысы барысында айналаны шолып шықпады, альпинистерді шақырмады немесе бұл өткелді жауып тастауға болатын еді, – деді Гүлнар Қалиева.
Оқиға кезінде миы шайқалып, басы мен денесінен түрлі жарақат алған әйел сол сәттің ауыр болғанын айтты. Оның айтуынша, құлаған кірпіштердің астынан оны дүкеннен шыққан екі жігіт құтқарып шығарған. Келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмектесіп жатқан сәтте қайтадан кірпіштер төгілген.
Ұлдананы бірінші болып носилкаға салып әкетті. Содан кейін екінші фельдшер есінен танып қалып, оны да каталкамен ішке кіргізді, – деді ол.
Сот соңында жәбірленуші денсаулығына байланысты жұмыс істей алмай қалғанын жеткізіп, келтірілген материалдық, физикалық және моральдық шығынды өтеуді сұрады.
Тегтер #Астана #фельдшер #Ұлдана #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz