RU
Толық нұсқаға өту

Ұлдана Мырзуан ісі: оқиға орында болған екінші фельдшер сотта жауап берді

26.08.2026, 16:32 33

Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты сот отырысында онымен бірге сол күні кезекшілікке шыққан әріптесі Дильназ Байзақова оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға болған күнді баяндаған фельдшер бұл оның демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні екенін айтты.

Бұл күн менің демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күнім еді. Аға дәрігер етіп Ұлдананы қойды, ал мені көмекші етіп бекітті... Ұлдана бірінші кезектегі шұғыл шақырту келгенін айтты. Себебі - қабырға құлаған. Біз бірден жолға шығып, оқиға орнына жеттік те, дүкенге кірдік, – деп еске алды Дильназ Байзақова.

Олар оқиға орнына келіп, дүкен ішіндегі үйінді астында қалған адамдарға дереу көмек көрсете бастаған. Фельдшерлер зардап шеккендерді ішке қарай шығармақ болған сәтте қайғылы жағдай орын алған.

Бәріміз көмектескіміз келді. Кенет үстімізге бірдеңе құлап түсті, оның кірпіш екенін түсіндім. Мен құлап қалдым, көзім бұлдырап кетті. Орнымнан тұрып Ұлданаға қарасам, ол бетімен жерге сұлап жатыр екен. Оны көтеріп алдым, басының сау-тамтығы қалмаған еді, құлағы мен мұрнынан қан шашырап ақты, – деп көз жасына ерік берді ол.

Дильназ Байзақова екінші бригада келіп, Ұлдананы дереу алып кеткенін, артынша ТЖМ қызметкерлері мен өзге де бригадалар келіп жеткенін айтты. Өзі де сол оқиға кезінде миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, уақытша есінен айырылған, әрі оқиға орнынан ең соңы болып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz