RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Астанада тұрғынды 17,6 млн теңгеге бопсалаған азамат 7 жылға сотталды

27.08.2026, 14:45 20

Астанада жеке мәліметтерді таратқаны үшін қала тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды 24KZ Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды тарататынын айтып қорқытқан және ақша талап еткен.

Психологиялық қысымды күшейту үшін ол мессенджерде жалған аккаунт ашып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Сондай-ақ жәбірленушіні мәліметтерді таратпау мәселесін шешу үшін ақша беруге көндірген.

Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші қаскөйге 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемені ұсынды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Прокуратура азаматтарды бопсалауға бой алдырмауға және қорқыту фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz