Непалда туристік топ құрамында жүрген Қазақстан азаматшасынан хабар-ошар үзілген. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, қазақстандық азаматша Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен туристік топтың құрамында болған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматшасы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Азаматшамыздың қайда екені әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деді Жанболат Үсенов.
Министрлік қазақстандық туристің жоғалуына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #НепалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz