Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағында өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға 28 тамызда ұшаққа жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде болған. Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс барысында ұшақтың бір бөлігінде өрт шыққан. Әуежайдың жедел қызметтері оны дер кезінде сөндірген.
Оқиға кезінде ұшақтың ішінде жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан үйіне жіберілген.
Әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылды. Қазір мамандар ұшақтың қаншалықты зақымданғанын бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтап жатыр.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #FlyArystan #ұшақ өртендіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz