Астанада Қорғалжын тасжолы маңындағы №100 мектептің жанында салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ».
Елорда денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Екінші науқас стационарда қажетті медициналық көмек алып жатыр.
«Бір адам оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл – Астанада бірнеше күн ішінде құрылыс кранының құлауына байланысты тіркелген екінші қайғылы оқиға. 28 тамызда Е 908 көшесі аумағында, Төле би көшесі мен Ұлы Дала даңғылының қиылысына жақын жерде құрылыс краны құлап, бір ер адам қаза тапқан болатын.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тегтер #кран #құрылыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz