2026 жылғы 31 тамызда Алматы – Қорғас ақылы автожолының 120-шақырымында «Шелек» бақылау аркасы маңында Shacman жүк көлігі арка құрылымын зақымдады, деп хабарлайды 24KZ «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі көтерілген шанақпен қозғалған. Арка астынан өту кезінде шанақ оның құрылымына тиіп, соның салдарынан қозғалыс бағыттарының біріндегі арканың бір бөлігі бүлінген.
Жол қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Мамандар көлік қозғалысын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізді.
Қазір автожолдағы қозғалыс толық қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #тасжол #ҚазАвтоЖолPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz