Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы – Термез – Ташкент» автожолының Қазығұрт ауданы аумағында тіркемесі бар ауыр жүк көлігі толығымен өртеніп, салдарынан шамамен 1 гектар құрғақ шөп отқа оранды, деп хабарлайды «24KZ».
Көлік Ресейден шығып, 22 тонна синтетикалық май тасымалдап бара жатқан. Тілсіз жаудың салдарынан көлік пен оның тіркемесі отқа оранғаны сонша, толығымен жанып кеткен. Сонымен қатар цистернадан аққан синтетикалық майдың бір бөлігі жолдың жүру бөлігіне төгіліп, шамамен 500 метр аумаққа жайылып кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменттерінен 20 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылып, өрт толықтай сөндірілді. Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта төгілген мұнай өнімінің салдарын толық жою үшін оқиға орнында арнайы жол қызметтерінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Тегтер #Түркістан облысы #Қазығұрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz