Атыраудың Тасқала ауылы маңындағы Перетаска өзенінде күтпеген жерден лотос алқабы пайда болды, деп хабарлайды 24KZ.
Оны екі оқушы Қытайдан тапсырыс берген бірнеше тұқымнан өсірген.
Оқиға 2024 жылы басталған. Шаттық Хами мен Айым Жанкелді Қытайдың Pinduoduo маркетплейсінен лотос тұқымын сатып алып, аквариумда өсірмек болған. Алайда тәжірибе сәтсіз аяқталып, қалған тұқымдарды үйіне жақын маңдағы су айдынына тастаған.
Арада бір жыл өткен соң су бетіне алғашқы жапырақтар шыққан. Ал биыл жазда лотостар гүлдеп, бірнеше тұқымнан тұтас алқап пайда болды.
Қазір ерекше гүлдер туристердің қызығушылығын тудырып отыр
Ал өсімдіктің нақты түрі әзірге белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары оны Қазақстанның Қызыл кітабына енген Каспий лотосы деп болжап отыр.
Тегтер #Атырау #лотос алқабы #оқушы қыздар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz