RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Павлодарда 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

03.09.2026, 16:52 37

Павлодар облысының прокуратурасы 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.

Прокуратураның мәліметінше, 2012 жылы Павлодар қаласындағы саяжай алқаптарының бірінен зорлық белгілері бар егде жастағы әйелдің мәйіті табылған. Қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмаған істер қатарында болған.

Осы жылдар ішінде күдіктіні анықтау бойынша жұмыс тоқтаған жоқ. Прокуратура қызметкерлері, тергеушілер мен жедел қызметкерлер істі жан-жақты зерделеп, криминалистикалық зерттеудің заманауи әдістерін қолданған.

Жүргізілген сот сараптамалары мен жедел-тергеу шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Ол – Павлодар облысы Успен ауданының 62 жастағы тумасы.

Тергеу барысында қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Енді күдіктінің әрекетіне қатысты түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz