RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

03.09.2026, 17:17 35

Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын маңда 3 қыркүйек күні магнитудасы 4,3 болатын кезекті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстандық сейсмологтардың жедел мәліметіне сәйкес, дүмпу Астана уақытымен сағат 16:02-де анықталды. Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болды, оның энергетикалық класы 9,7-ні құрады.

Бұл – 3 қыркүйек күні Қытай аумағында тіркелген үшінші жер сілкінісі. Бұған дейін, атап айтқанда, Астана уақытымен сағат 11:18-де магнитудасы 4,4, ал таңертең сағат 07:45-те магнитудасы 4,7 болатын жер асты дүмпулері болған еді.

 Сондай-ақ оның алдында, 1 қыркүйекте кешке де Қазақстан шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі тіркелген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz