RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Қауіпті «әзіл»: Шахтинск тұрғыны 16 тәулікке қамауға алынды

04.09.2026, 10:32 35

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқаны үшін 16 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 2 қыркүйекте К.Маркс көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Полицияға пәтерде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған полицейлер мән-жайды анықтау кезінде 33 жастағы ер адамның газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқанын анықтаған.

Сот отырысында ер адам алкогольдік ішімдік ішкенін айтып, полиция қызметкерлеріне айтқан сөздерін «әзіл» деп түсіндірген.

Алайда сот мұндай әрекетке құқықтық баға беріп, ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сот шешімімен ол 16 тәулікке қамауға алынды.

Полиция мұндай қорқыту сөздеріне жеңіл қарауға болмайтынын ескертеді. Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz