Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 69 жастағы тұрғын ұзақ жылдар бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, деп хабарлайды 24KZ.
Татьяна Владимировна бұған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған. Алайда кейін құжатын жоғалтып алып, түрлі себептерге байланысты оны қайта рәсімдей алмаған.
Жақында ол көші-қон қызметіне жүгінген. Мамандар қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, оның жеке басын анықтау үшін тиісті тексеру жүргізген және мемлекеттік органдарға сұрау салған.
Барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Риддер тұрғыны Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Шығыс Қазақстан облысы #Риддер #жеке куәлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz