RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 4 адамды құтқарды

06.09.2026, 22:45 36

Қарағанды облысының Теміртау қаласында тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Үшінші қабаттағы пәтердің 10 шаршы метр аумағында үй заттары, терезе блогы, тұрмыстық техника мен жиһаз жанған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіруге жедел кірісті. ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен төрт адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарлау қажеттілігін еске салды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz