Бурабай аудандық соты Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды 24KZ.
Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапқан болатын.
Сот алдында кафе жалға алушысы, автогаз құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші жауап берді.
Сот үкімімен кафе жалға алушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған үш жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында қызмет етуге тыйым салынды.
Автогаз құю станциясының директоры да 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Ал газ баллондарын жеткізуші осы бап бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайғылы оқиға биыл ақпан айында орын алған еді. Қатты жарылыс салдарынан кафе ғимараты толығымен қирап, қаза тапқандардан бөлек 28 адам зардап шеккен болатын.
Зардап шеккендердің кейбірі әлі де күрделі оңалтудан өтіп, алған жарақаттары мен күйіктерінен айығып жатыр.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды. Әр жәбірленушіге 1 млн-нан 4 млн теңгеге дейін өтемақы төлеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Оған 15 тәулік ішінде шағым беруге болады.
Тегтер #Щучинск #өрт #центр плова #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz