Жетісу облысының Сарқан ауданында 61 бас ірі қара ұрлаған алты тұрғын сотталды деп хабарлайды 24KZ.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің алдын ала сөз байласып әрекет еткені анықталған. Олар малды Алакөл ауданынан Сарқан ауданына айдап әкеткен. Ұрланған малдың бір бөлігі сойылып, етін сатуды жоспарлаған.
Қылмыстың салдарынан мал иелеріне 28,8 млн теңге көлемінде шығын келген.
Полиция қызметкерлерінің жедел-тергеу шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысы бар барлық адамның әрекеті анықталды. Тергеу жұмыстары облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізілген.
Сот үкімімен алты сотталушының барлығы кінәлі деп танылып, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Тегтер #мал ұрлығы #Жетісу облысы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz