Ақмола облысында 8 жастағы қызды көлік қағып, ол ауруханада көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Макинск қаласының Московская көшесінде болған, деп хабарлайды «24KZ».
Mercedes автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала медициналық мекемеде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Ақмола #Макинск #жол апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz