RU
Толық нұсқаға өту
zakon.kz

Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам жарақат алды

08.09.2026, 10:43 44

Алматыдағы Шығыс айналма жолында автокран құрылыс алаңынан құлап кетіп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ».

Куәгерлердің айтуынша, таңғы сағат алтылар шамасында «МАЗ» автокраны жүк көтеру жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс алаңына келген. Кран бұрылып, аумақта тоқтаған. Жүргізуші мен оның серігі жақын маңда шылым шесіп тұрған кезде, көлік кенеттен төмен қарай домалай жөнелген. Екеуі кабинаға мініп, көлікті тоқтатуға тырысқанымен, бәрі бекер болды. Ер азаматтардың бірі соңына дейін көліктен айырылмай, онымен бірге биіктіктен ұшып кеткен.

Жол бойында «МАЗ» бетон блок пен жол қоршауын қағып өтіп, баспалдаққа соғылды, оның қоршауын қиратып, тротуарға бетімен барып кірді. Бақытқа орай, сол сәтте жаяу жүргізушілер жолағында ешкім болмаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «МАЗ» жүргізушісі зардап шекті. Оның аяғы сынғаны хабарланып отыр, өзге де жарақаттар бар. Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында көлік кептелісі пайда болды. Оқыс оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz