Ақмола облысында заңды түрде аң аулап жүрген 64 жастағы ер адам абайсызда оққа ұшып қаза тапты , деп хабарлайды «24KZ».
Қайғылы оқиға 6 қыркүйек күні таңертең Қызылтаң ауылының маңындағы аңшылық кезінде орын алды.
Тергеу мәліметтері бойынша, алты адамнан тұрған топ аңшылар елік атуға аңға шыққан. Топ мүшелері жүріп келе жатқан кезде, кезекшілікпен аңшылардың бірінің артынан келе жатқан. Көкшетау тұрғынының мылтығынан кенеттен артқа қарай абайсызда оқ атылған. Салдарынан оқ 64 жастағы ер адамға тиіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аң аулау шарасы тиісті рұқсат қағаздары мен жолдамалар негізінде заңды түрде ұйымдастырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қарудың иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оқиғаға қатысушылардың әрекеттері тексеріліп жатыр.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz