Астана әуежайында Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақтың 38 жастағы шетелдік жолаушысы рейстен түсірілді. Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккен, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға 7 қыркүйекте болған. Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері жолаушыны әуе кемесі командирінің актісі негізінде рейстен түсірген.
Тексеру барысында шетел азаматының ұшу кезінде электронды темекі шегуге тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты бұзғаны анықталды. Сондай-ақ оның әрекеті авиациялық қауіпсіздік талаптарына қайшы келген.
Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Полиция ұшақ бортында темекі және құрамында никотин бар өнімдерді, соның ішінде электронды темекі мен вейптерді пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #вейп #шетел азаматы #ұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz