RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Polisia.kz

Атырауда дрон арқылы колонияға үш телефон жеткізбек болған

09.09.2026, 09:43 52

Атырау облысында қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №15 мекемеге дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 8 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 шамасында болған. Мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым жерде дрон арқылы белгісіз орамдардың жеткізілмек болғанын анықтаған.

Тексеру барысында картонға салынған, түссіз скотчпен мұқият оралған үш орам табылды. Оларды тексеру кезінде үш ұялы телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес қолданыстағы заңнамаға сай тиісті шешім қабылданады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz