RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Polisia.kz

Астанада жүк көлігінен екі аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды

09.09.2026, 15:41 46

Астанада екі аккумулятор ұрлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы анықталған, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең ер адам Shacman көлігінің аккумулятор орналасқан бөлігін ашқан. Кейін екі аккумуляторды кезекпен алып шыққан. Ол әр аккумуляторды алғаннан кейін қайта оралып, келесісін алып кеткен.

Ұрланған мүлікті ер адам кейін техникалық қызмет көрсету станцияларында кезекпен сатып, одан түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Полиция күдіктінің жеке басын бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы анықтады. Ер адам елорда аумағында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция көлік иелеріне қосымша қауіпсіздік шараларын сақтап, мүлікті тиісті қорғаныссыз қалдырмауды ескертеді. Сенімді бекіткіштер мен қосымша ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалану осындай ұрлықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz