Абай облысының Мақаншы ауданында 9 жастағы оқушыны полиция 10 минут ішінде тапты. Төртінші сынып оқушысы мектептен кейін үйіне келіп, ауладағы шаруашылық құрылысына тығылып қалған, деп хабарлайды «24KZ».
Бала сағат 13:00 шамасында мектепке кеткен. Алайда сабақтан кейін үйіне оралмаған соң, анасы оны өздігінен іздей бастаған. Сағат 20:30 шамасында үйдің маңынан баланың «Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін» деген жазбасы табылған.
Туыстары бұл туралы полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген полицейлер бірнеше топқа бөлініп, аулалар мен жақын маңдағы аумақтарды тексеруге кіріскен.
Іздеу басталғаннан кейін шамамен 10 минут өткенде бала өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан шыққан. Белгілі болғандай, ол мектептен кейін үйіне келіп, сол жерге тығылып, ұйықтап қалған. Полиция көліктерінің сиренасынан оянған.
Тоңып әрі қорқып қалған бала бірден анасына барған. Кейін ата-анасына бұл әрекетімен «пранк» жасағысы келгенін айтқан.
Полиция ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, жоғалып кетуге қатысты «әзілдердің» қауіпті салдары болуы мүмкін екенін ескертуге шақырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #пранк #оқушы #бала жоғалды #Абай облысы #МақаншыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz