RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде жүргізуші жылдамдықты 98 рет асырып, 2,5 млн теңге айыппұл жинаған

10.09.2026, 09:25 44

Ақтөбе облысында жол ережесін жүйелі түрде бұзған жүргізуші анықталды. Шетелдік тіркеудегі VAZ көлігінің жүргізушісі жылдамдықты 98 рет асырған. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Өңірде 9-15 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері кезекті рейд кезінде аталған көлікті тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің наурыз айынан бері жылдамдықты асыруға байланысты 98 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Ол бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жеткен.

«Қазіргі уақытта автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, жол қозғалысына бақылау тұрақты жүргізіледі. Негізгі мақсат – ережені жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz