Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылында жеңіл көлік коммуналдық көлікке соғылып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды «24KZ».
Оқыс оқиға бүгін түнде болды. Батыс бағытта келе жатқан Exeed VX кроссовері жол тазалап жүрген арнайы техникаға толық жылдамдықпен келіп соғылған. Куәгерлердің айтуынша, соққы кезінде жүргізуші басымен алдыңғы әйнекті ұсақтаған.
Тексеру кезінде оның қауіпсіздік белдігін тақпай, арқасына салып қойғаны анықталды.
Жол апаты салдарынан тек жеңіл көлік жүргізушісі зардап шегіп, оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тиісті рәсімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін коммуналдық қызметкерлер өз жұмысын жалғастырды.
Тегтер #Алматы #жол көлік апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz