Қызылорда облысының Арал ауданында патрульдік полиция қызметкерлері түн уақытында Toyota Land Cruiser көлігін басқарған 6 жасар баланың жолын кесті. Тәртіп сақшылары кезекшілік кезінде күдікті көлікті байқап, жедел әрекет етудің арқасында ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды «24KZ».
Тексеру барысында көліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Тәртіп бұзушылық бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты екі бірдей әкімшілік хаттама толтырылды:
Ата-ананың бала тәрбиесі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін және кәмелетке толмаған баланың түн мезгілінде заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін.
Жинақталған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ата-ана мен балаға қатысты арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге және олардың түнде қараусыз жүрмеуін қатаң қадағалауға шақырады.
Тегтер #Қызылорда облысы #Арал #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz