RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Қарағанды облысында 8 табиғи өрт ошағы жойылды

11.09.2026, 12:00 36

Өткен тәулікте Қарағанды облысының Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласының аумағында алдын ала есеп бойынша 200 гектар аумақтағы 8 табиғи өрт ошағы жойылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді,  деп хабарлайды «24KZ».

Қазіргі уақытта Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының таулы-далалы жерлерінде құрғақ шөп пен бұталардың жануынан туындаған 5 табиғи өрт ошағын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандардың айтуынша, өртті сөндіруге  таулы-далалы жерлердің қолжетімсіздігі, қалыптасқан ыстық ауа райы және екпінді жел кедергі келтіруде. Желдің бағыты бірнеше рет өзгеріп, өрттің таралу бағытына әсер етіп отыр.

Тілсіз жауды жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылықтарының 400-ден астам жеке құрамы және 100-ден астам техникасы жұмылдырылған.

Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жағдай министрлік бақылауында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz